Сүт күнделікті тұтынатын өнім ғана емес, бүгінде Тараздың ауыл шаруашылығындағы стратегиялық бағытына айналды. Өйткені қалада сүт өңдеу өндірісі қарқын алып, жергілікті кәсіпорындар нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша шаһарда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 24 миллиард теңгеден асты. Оның елеулі бөлігі мал шаруашылығы. Ал бұл саланың тірегі сүт өндірісі.