Бүгін – ұлттық басылым күні. 2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді. 1913 жылдың дәл осы күні бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы және басқа да ұлт зиялылары тұрған «Қазақ» газетінің бірінші саны жарық көрді.

Алаш арыстары салған сара жолды бүгінгі таңда баспасөз басылымдары отандық публицистиканың үздік дәстүрлерін сақтай отырып жалғап келеді. Мемлекет басшысы сала мамандарын құттықтап, мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.