Мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларының бірі – қайтарымсыз грант. Аталған бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жеке шаруашылықтарын дамытуына нақты мүмкіндік беріп отыр. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып отырған жан - Билал Мамедов. Ол ірі қара мал өсіруге қызығушылық танытып, жылдар бойы осы саламен айналысып келеді.