Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Ұлттық архивте жеке қоры ашылды. Бұған дейін қаламгердің «Қызыл жебе» романының, «Бесеудің хаты» атты екі бөлімді драмасының түпнұсқасы, қолжазба күйінде Ұлттық архивке берілген. Сондай-ақ, сирек кездесетін суреттері табысталған. Бұл құжаттардың барлығы «Егемен Қазақстан» газетінің мұрағатында сақталған. Архив мамандары 6 мың парақтан тұратын материалды 3 айға жуық өңдеп, Ұлттық баспасөз күніне орай арнайы жиын өткізді. Зиялы қауым өкілдері Шер-ағаң жайлы естеліктер бөлісіп, бүгінгі басқосу айрықша мәнге ие екенін айтты.