Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алып, лудоманияны болдырмау қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе. Осыған орай, бүгін Байзақ ауданында жасөспірімдер тәрбиесіне арналған тағылымы терең кездесу өтті. Оған облыстық аналар кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдары мен студенттер қатысты.