Жамбыл облысында 10 ауданның ішінде жалғыз Мойынқұм тұрғындары ғана көгілдір отынмен қамтылмаған. 2024-2026 жылдарға арналған жоспар бойынша нақтылы кезеңде шалғайдағы елді мекендерге газ құбырларын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Мойынқұм ауданына қарасты 9 елді мекен газдандырылады деп жоспарлануда.
Ал жалпы, өңірдегі 37 елді мекеннің 282-сі, яғни 76 пайызында газ бар. Тұрғындарға шаққанда, 91,3 процент халық көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Жауапты мамандар, алдағы қыс мерзімінде сақадай саймыз дейді. Нақтырақ айтқанда, газдан тапшылық болмауы тиіс, ол үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.