Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы Тараз қаласындағы №67 мектепте де салтанатты түрде соғылды. Мектеп ауласына жиналған оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар бұл күнді ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Әсіресе бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн – ерекше. Олар мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, жаңа өмірге қадам басты.