Талас ауданы, Бостандық ауылында атадан балаға жалғасып келе жатқан ерекше шаруашылық бар. Бұл – бие мен түйе сүтін сауып, оның емдік қасиеті мол өнімдерін ел игілігіне ұсынатын Әбиевтер әулетінің кәсібі. Негізін Әбиев Әбу қалаған бұл шаруа қожалық бүгінде ел аузында жүрген еңбек ұжымдарының бірі.