Таразда «Сабантой» мерекесі аталып өтті. Ол Татар-башқұрт мәдени орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Мерекелік іс-шара халықты біріктіріп қана қоймай, достық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.