Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев бүгін жастармен де жүздесті. Тараз өңірлік университетінде өткен кездесуде Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысының бағдарламалық баяндамасының басым бағыттары түсіндіріліп, оларды іске асыру тетіктері талқыланды.