Жамбыл облысында 250 мыңға тарта тұрғын сақтандырылмаған. Е-санатындағыларды айтпағанда, тұрақты жұмысы бар тұлғалардың өздері медициналық сақтандырудан тыс қалған. Басы ауырып, балтыры сыздай қалса, бұлар кімнің көмегінде жүгінбек? Онсыз да қызмет сапасына көңіл тола бермейтін салада неге осы бағыттағы жұмыс оңбай тұр?

Сауалға жауап сан алуан. Жауаптылар болса, тиісті шаруалар атқарылуда деп әлек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудағы мәселелер бүгін аппарат мәжілісінде талқыға түсті.