Негізгі Жаңалықтар Президент форумында сөз сөйледі

Президент форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы AI & DIGITAL BRIDGE 2026 форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі. Президент бұл жиынның халықаралық технологиялық алаңға айналғанын атап өтті. Биыл негізгі назар жасанды интеллектіні нақты экономикаға енгізуге аударылды. Мемлекет басшысы бұл технологияны өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және агроөнеркәсіпте кеңінен қолдану қажет екенін айтты. Жасанды интеллект өндіріс өнімділігін арттырып, энергия мен шикізатты үнемдеуге және апаттардың алдын алуға қызмет етуі тиіс. Сондай-ақ инновациялық стартаптар мен озық технологиялық жобаларды қолдау маңызды екенін жеткізді.


Бөлісу