Негізгі Жаңалықтар Ән - Айгүл

Ән - Айгүл

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі, «Мәдениет саласының үздігі», Айгүл Мақашованың 35 жылдық шығармашылық жолына арналған «ӘН – АЙГҮЛ» атты ән кеші өтті. Бұл кеш, ұлттық ән өнерін насихаттап келе жатқан әншінің шығармашылық белестерін қорытындылаған ерекше музыкалық жоба болды.

35 жылдық шығармашылық жол. Сан түрлі сахна, талай әнге, тағылымды кездесулер мен шығармашылық ізденістерге толы кезең. Айгүл Мақашова осы уақыт ішінде Қазақстанның түрлі өңірлерінде және шет мемлекеттерде өнер көрсетіп, республикалық байқаулардың жүлдегері атанды. Қазақ радиосы мен телеарналарында қызмет атқарып, ұлттық өнерді насихаттауға елеулі үлес қосты. Бүгінде ол сахнадағы шығармашылық қызметімен қатар, жас өнерпаздарға тәлім-тәрбие беріп, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Бөлісу