Прокуратура өкілдері тұрғындармен кездесті
Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары әрдайым назарда. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында Талас ауданында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға облыс прокуроры Жандос Әбдібаев және уәкілетті органдардың өкілдері қатысты. Кездесуде тұрғындардың жеке мәселелері бойынша сауалдары тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер қозғалып, заң аясында шешу жолдары қарастырылды. Жауапты мамандарға бірқатар мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді. Әр мәселені ашық қарап, оның заң аясында шешілуіне ықпал ету құзырлы органдардың басты міндеттері.