Негізгі Жаңалықтар Шерхан Мұртазаның туғанына - 94 жыл

Шерхан Мұртазаның туғанына - 94 жыл

Бүгін қазақ әдебиетінің қара нары, қазақ журналистикасының жампозы Шерхан Мұртазаның туған күні. Қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Шераға көзі тірі болғанда биыл 94 жасқа толар еді. Ашаршылық пен аяусыз атып-жоюдың ащы дәмін татқан Шерхан Мұртаза Тәуелсіздікке дейін де, еркіндікке қол жеткеннен кейін де қазақтың жоғын жоқтап, намысын қамшылаған қайтпас тұлға болды.


Бөлісу