Негізгі Жаңалықтар Жүгеріні терең өңдеу зауыты жұмысын бастады

Жүгеріні терең өңдеу зауыты жұмысын бастады

Жамбыл облысында тағы бір ірі өндіріс орны іске қосылды. Шу ауданында жүгеріні терең өңдейтін зауыт жұмысын бастады. Кәсіпорынның ашылу рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн қатысты. Жоба «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы аясында жүзеге асырылып отыр.

Бұл – Қытайдың Fufeng корпорациясы жүзеге асырып отырған ірі инвестициялық жобалардың бірі. ShengTai Biotech компаниясы 2025 жылы құрылып, өндіріс орны Шу ауданындағы «JIBEK JOLY» арнайы экономикалық аймағында бой көтерді. Кәсіпорынға бөлінген аумақ – 400 гектар. Жобаға 1,5 миллиард АҚШ долларын инвестициялау жоспарланған. Өндіріс толық қуатына шыққанда, жылына 3 миллион тонна жүгері өңдеуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар, 1700 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Бөлісу