«Киіз FEST» байқауы
Таразда қала күніне орай отбасылық «Киіз FEST» байқауы өтіп жатыр. Жарыста қатысушылар қазақтың дәстүрлі қолөнерімен танысып, қой жүнінен киіз басу техникасын меңгеріп, ұлттық нақыштағы бұйымдарды өз қолдарымен жасайды. Жоба ұлттық мәдени мұраны сақтап, атадан балаға жалғасқан шеберлікті жас ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.