Жаңа туындының тұсауы кесілді
Таразда ақын әрі журналист, Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Тұрсынкүл Ентайдың 70 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті. «Жапырақтар оқитындай бізге өлең» атты шара барысында ақынның шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, жаңа кітаптарының тұсаукесері ұйымдастырылды.