Өрт сөндірушілер түтін-жылу камерасында жаттығудан өтті
Қою түтін, жоғары температура. Мұндай жағдайда өрт сөндірушілерге ғимарат ішінде бағдар тауып қана қоймай, зардап шеккендерді іздеу, өрт ошағын жою және бір команда болып жұмыс істеу қажет. №4 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің түтін- жылу камерасында жаттығудан өтті. Өрт сөндірушілердің дайындығын болашақ маман бүгінгі колледж студенттері де бақылап отырды.