Жолдардың әр шақырылымына камера орнатылады
Республикалық маңызы бар жолдардың әр шақырымына камера орнатылып жатыр. Одан бөлек 300 дрон мен 500 мобильді кешен трассалардағы жағдайды бақылайды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды. Жедел жәрдем мен қоғамдық көліктерге айналасына бақылау жүргізетін камералар мен жылдамдық өлшейтін құралдар жаппай орнатылмақ. Сонымен қатар таным белгісі жоқ, яғни сырт көзге басқа көліктерден ерекшеленбейтін кешендер саны көбейтіледі.