Негізгі Жаңалықтар «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды

«Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды

Отандық авторлардан әлемдік классикаға дейін. Биыл қыркүйек айынан бастап Республика деңгейінде кітап оқу науқаны қарқын алды. Марафонға жасы мен қызметіне қарамастан кез келген ниет білдіруші қатыса алады.

Марафонға қатысу өтінімдері 27 қыркүйекке дейін қабылданады. Байқаудың өзі келер жылдың сәуір айына дейін өтеді. Үміткерлер қазақ және орыс тілдеріндегі арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 шығарма оқып, әр кітап бойынша жеке кабинетінде пікір қалдырады. Оқу барысы балдық жүйе арқылы бағаланады. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері келесі кезеңге жолдама алып, «Жыл оқырманы» атағына таласады. Финал қорытындысы бойынша еліміздің үздік 10 оқырманы анықталып, олардың әрқайсысына 10 миллион теңгеден бас жүлде берілетіні жайында баспасөз алаңында баяндалды.

Бөлісу