Негізгі Жаңалықтар 12 келіден астам марихуана тәркіленді

12 келіден астам марихуана тәркіленді

Тағы бір ірі көлемдегі есірткінің жолы кесілді. Жамбылдық полицейлер заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен 56 жастағы ер адамды ұстады. Көлікті тінту кезінде жүксалғышындағы сөмке полицейлердің күдігін тудырған. 


Тінту кезінде одан 12 келі 30 грамм кептірілген марихуана мен 264 граммнан астам гашиш табылды. Есірткі тасымалдады деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды. Полиция күдіктінің тұрғылықты жерін де тінткен. Балконнан тағы 124 граммға жуық гашиш тәркіленді. Осылайша, заңсыз айналымнан жалпы 12 келі 30 грамм марихуана және 388 граммнан астам гашиш алынған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті есірткі заттарын Байзақ ауданының аумағынан жинап, сақтаған. Ол өзіне тиесілі «Opel Vectra» көлігімен Жуалы ауданына қарай бара жатқан кезде ұсталған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу