Мұрадан – креативті болашаққа
Таразда ұлттық мұра мен заманауи шығармашылықты тоғыстырған халықаралық фестиваль басталды. «Мұрадан – креативті болашаққа» атты шараға Ұлыбритания, Италия, Үндістан және Қырғызстаннан креативті индустрия саласының мамандары арнайы келген. Үш күнге жалғасатын фестиваль аясында көрмелер, шеберлік сабақтары және тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылуда. Ал алғашқы күннің өзінде халықаралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды қадам жасалды.