Прокуратура өкілдері тұрғындарға кеңес берді
Жуалы ауданында прокуратураның 35 жылдығына орай «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында «Азаматтарды қабылдау» акциясы өтті. Тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелерін ортаға салып, мамандардан нақты кеңес алды. Құзырлы орган өкілдері заң талаптарын түсіндіріп, көтерілген сауалдар бойынша тиісті жауап берді.