Халықаралық сән апталығы
Ұлттық нақыштағы киімдер, заманауи сән үлгілері және әлемдік дизайнерлердің тың идеялары. Тараз үш күнге сән мен шығармашылықтың халықаралық орталығына айналды. Көне Тараз төрінде Aspara Fashion Week сән апталығының XVIII маусымы басталды. Биылғы шараға Қазақстанмен қатар шетелдік дизайнерлер мен қолөнер шеберлері де қатысуда.