Негізгі Жаңалықтар Жамбыл өңірі жылыту маусымына дайын

Жамбыл өңірі жылыту маусымына дайын

Жамбыл жылыту маусымына дайын. Биыл қалада бірқатар маңызызды жаңартулар жүргізілді. Оған төрт ірі қаржы көзінен 66,7 миллиард теңге бөлінген. Естеріңізде болса, былтыр жылу жетпей, 15 шағын ауданның тұрғындары мәселе көтерген еді. Сол себепті мамандар көпқабатты үйдің жертөлелеріне арнайы насостар орнатқан. Сонымен қатар өңірдегі негізгі жылу көздерінің бірі жаңғыртылып жатыр. Жаңа қазан іске қосылса, 15, 7-8 шағын аудандар мен іргелес аумақтарға жылу беру мүмкіндігі артпақ.


Бөлісу