Жастар арасында есірткіге қарсы акция өтті
Таразда оқушылар есірткіге қарсы профилактикалық акцияға қатысты. №54 мектепте өткен «Мықтылар өмірді таңдайды» атты шараға 300-ден астам жасөспірім жиналды. Акцияның мақсаты – есірткі заттарын қолдану мен таратудың алдын алу, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.