Негізгі Жаңалықтар Жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

Жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

Жылыту маусымы басталғанға дейін пештерді, түтін мұржаларын және электр сымдарын тексеріп алған жөн. Таразда өрт қауіпсіздігі айлығы аясында «Қауіпсіз қала» профилактикалық акциясы өтуде. Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері еріктілермен, коммуналдық және қалалық қызмет өкілдерімен бірлесіп, Шөлдала тұрғын алабында аулаларды аралап, тұрғындарға үйлерін қыс мезгіліне дайындауға көмектесті.


Бөлісу