Қоғамдық орында ішімдік ішкендер мен шашқандар жауапқа тартылды
Жамбыл облысында полиция қызметкерлерімен «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 391 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібін бақылауда Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары да тиімді пайдаланылып келеді. Көшелер мен аулалардағы жағдай тәулік бойы бақылауда болып, тәртіп бұзған азаматтар камера назарына ілігеді.