Негізгі Жаңалықтар Әдеби мұра – цифрлық форматта

Әдеби мұра – цифрлық форматта

Өңірдің бас кітапханасы дәстүрлі қызметтен цифрлық форматқа бет бұрып, заманауи медиаорталыққа айналып келеді. Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорында 276 мыңнан астам оқулық бар. Жыл басынан бері мұнда 148 мың оқырманға қызмет көрсетіліп, 310 мыңға жуық кітап берілген. Мәдениет ошағы бүгінде әдеби мұраларын цифрландырып, оқырманға электронды форматта ұсынуда. Сондай-ақ, «Әулиеата кітапханасы» мобильді қосымшасы арқылы басылымдарды смартфоннан тегін оқуға мүмкіндік жасалған. Мекеме жасанды интеллект мүмкіндіктерін де тиімді пайдалануда. Нейрондық желі көмегімен қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары жаңа визуалды форматта насихатталуда. Бастама әлеуметтік желіде оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.


Бөлісу