Тарихи нысандарда туризм түлеп келеді
2000 жылдан аса тарихы бар Тараз жері тарихи ескерткіштерге бай. Соның бірқатары Жамбыл ауданында орналасқан. Мәселен, Айша Бибі кесенесі, Әулие Бастау бұлағы мен қалашығы. Бұл нысандардың пайда болғанына қаншама ғасыр өтсе де, тарихи маңызын жойған емес. Есесіне тарихы мен тағлымы көп ескерткіштерді көруге келушілердің саны жыл санап артып келеді.