Негізгі Жаңалықтар Дрифт жасап - 5 тәулікке қамалды

Дрифт жасап - 5 тәулікке қамалды

Өңірде түнгі уақытта қауіпті дрифт жасаған 22 жастағы жүргізуші ұсталды. Жол қозғалысы талаптарын өрескел бұзған Өркениет Тілеубаевтың әрекеті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полицейлер көліктің бағытын анықтап, жүргізушіні дер кезінде тоқтатты. Түнгі тыныштықты бұзып, өзгелердің өміріне қауіп төндіргені үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға 5 тәулік әкімшілік қамақ тағайындалды. Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және көлік қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң орындауға шақырады.


Бөлісу