Кітап оқудың жаңа форматы
Кітап оқу үшін кітапханаға бару міндетті емес. Тіпті ашық аспан астында, табиғат аясында да сүйікті шығармаға үңілуге болады. Осындай ерекше челлендж Таразда жалғасты. Ашық аспан астындағы іс-шараға жүзге жуық адам жиналып, бір мезетте кітап оқыды.