Шынның жүзі – Шераға: Үздік прозашылар анықталды
Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, халық жазушысы, журналист-Шерхан Мұртазаның туған күні. Айтулы күнге орай, Жамбылдық қаламгерлер арасында «Шынның жүзі – Шераға» атты облыстық прозашылар байқауы ұйымдастырылған болатын. Шығармалар әділқазылардың сараптамасынан өтіп, бүгін үздіктердің есімі белгілі болды.