Негізгі Жаңалықтар Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы ресми сапармен Германияға барды. Сапар аясында екі елдің қарым-қатынасын дамытуға бағытталған келіссөздер жоспарланған.

Ресми сапар аясындағы негізгі іс-шаралар ертеңге жоспарланған. Германия өндірісі өркендеген, қуатты ел. Еуропаның басты экономикасы. Жалпы ішкі өнім көлемі бойынша әлемде төртінші орыннан түспей келеді. Сондықтан кәрі кұрлықтағы бұл мемлекетпен байланыс орнатуға көп ел бейіл. Соңғы 20 жылда неміс кәсіпкерлері Қазақстанға 8 миллиард доллар инвестиция құйған. Былтырдың өзінде оның көлемі 700 миллион долларға жуықтады. Неміс капиталының 90 пайыздан астамы шикізаттық емес салаларға бағытталған. Қазір біздің елде алманияның мыңнан аса компаниясы жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу