Үздік ұстаздар форумы
Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже. Бүгін аймақтың үздік мұғалімдері облыстық форумда басқосты. Педагогтердің кәсіби ізденісін, заманауи әдістемелерін және тиімді тәжірибесін танытуға бағытталған форумға 10 мұғалім қатысты. Форум аясында ұстаздар эссе жазып, кәсіби қызметі туралы бейнероликтер ұсынып, ойларын ортаға салды.