Есірткіге қарсы акция өтті
Тараз қаласындағы №69 орта мектепте «Жас сақшы» жасағының оқушыларына есірткі қылмысының алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті. Кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.