Бақытжан Советұлының шығармашылығына арналған байқау
Әулиеаталық белгілі сатирик Бақытжан Советұлы 60 жасқа толды. Әзілдің әлемін жаулап, сатираның жілігін шағып, майын ішкен ақынға жерлестері де құрмет көрсетті. Жамбыл аудандық орталық кітапханасында оның мерейтойына арналған «Сырлы сөздің саңлағы» атты аудандық байқау өтті. Онда қаламгердің шығармашылық жолы кеңінен насихатталды.