Қазақ-герман инвестиция-қаржы платформасы құрылады
Мемлекет басшысы Германияға стратегиялық шикізат саласында жаңа серіктестік ұсынды. Ресми сапар аясында немістің беделді Handelsblatt басылымында Президенттің мақаласы жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев шикізат жеткізумен шектелмей, барлаудан бастап өңдеу мен дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндіріс тізбегін бірге құруға шақырды. Бүгін Берлинде неміс бизнес өкілдерімен кездескен Президент Германияның капиталы мен технологиясын Қазақстанның ресурстық және транзиттік әлеуетімен ұштастыруға шақырды. Осы мақсатта Қазақ-герман инвестициялық-қаржы платформасын құруды ұсынды.