Беларусь этномәдени бірлестігі құрылды
Таразда беларусь халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін жаңа орталық ашылды. Достық үйінде «Криница» беларусь этномәдени бірлестігінің тұсауы кесілді. Жиында беларусьтардың Қазақстандағы тарихы, ұлттық болмысы мен атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүрлері таныстырылды.