Негізгі Жаңалықтар Шу вокзалы қайта жаңғырды

Шу вокзалы қайта жаңғырды

Шу ауданында қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалы пайдалануға берілді. 1989 жылы пайдалануға берілген бұл нысан алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп отыр. Қайта жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын жаңарту және абаттандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Ашылу рәсіміне аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.


Бөлісу