Ұстаздықты ұрпақтан-ұрпаққа жалғағандар
Ұстаз – ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, білім мен тәрбиені қатар ұштастыратын ұлы тұлға. Адамның өмір жолында ата-анадан кейінгі ақылшысы да, тәлімгері де – ұстаз. Ол шәкіртінің бойына білім нәрін сіңіріп қана қоймай, оның адамдық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тараз қаласындағы даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімі берілген білім ордасында ұстаздық жолды ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан жандар еңбек етеді. Бір әулеттің бірнеше буынының білім беру саласын таңдауы – кәсіби сабақтастықпен қатар, ағартушылыққа деген құрметтің де көрінісі сынды. Ұстаздықты өмірлік мұрат еткен мұғалімдер бұл – мамандық таңдау ғана емес, отбасыдан дарыған дәстүр екенін мақтан етеді.