Негізгі Жаңалықтар Еңбек қатынастары мәселелері талқыланды

Еңбек қатынастары мәселелері талқыланды

Шу ауданында әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеуге арналған үшжақты комиссияның отырысы өтті. Жиынға сала мамандары, кәсіподақ өкілдері, мекеме және кәсіпорын басшылары қатысты. Кездесуде жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар сараланып, еңбек саласындағы өзекті мәселелер ортаға салынды. Негізгі назар – жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге аударылды.


Бөлісу