Қоғамдық кеңес: Тұрғындарды толғандырған мәселелер бақылауға алынды
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелері энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қоғамдық мониторинг жүргізуді бастады. Негізгі мақсат – көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалап, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын және халық үшін өзекті мәселелердің шешілу барысын зерделеу.