Интернет-алаяқтық деректері 40%-ға азайды
Соңғы үш жылда интернет-алаяқтық деректері 40 пайызға азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте айтты. Жәбірленушілердің 6 млрд теңгеден астам ақшасы қайтарылған. Тағы 5 жарым миллиард теңгеден астам қаржының шетелге аударылуына тосқауыл қойылды. 170 миллиондай жалған қоңырау бұғатталды. Соның арқасында әккілердің онлайн алдап-арбауы биыл да 13 пайыз азайған. Дәлірек айтқанда, былтыр 16 мың қылмыс тіркелсе, биыл оның саны 14 мыңға дейін төмендеді.