Қазыналы қарттарға құрмет
Қарттар күніне орай Тараз қаласындағы №2 әлеуметтік көмектер көрсету орталығында қарияларға арналған мерекелік шара өтті. Жылы жүздесуге облыстық филармония өнерпаздары, жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары арнайы келіп, қариялардың көңіліне қуаныш сыйлады.