Облыс әкімі Елен Әлімжанды құттықтады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев белгілі жазушы-драматург Елен Әлімжанды мерекемен құттықтады. 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай, аймақ басшысы қаламгердің үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті. Екеуара әңгімеде өңір басшысы Жамбылда жасалып жатқан іргелі жұмыстармен таныстырса, Елен Әбдуатұлы қазір жазылу кезеңіндегі шығармасы жайлы әңгімеледі.
Бүгінде 80нің сеңгірінен асқан Елен Әлімжан қазақ әдебиетіне, руханиятына қомақты үлес қосқан қаламгер. Ол роман, драма, публицистика, комедия, трагедия сынды жанрлар мен тақырыптардың барлығына дерлік қалам тербеген. Қара шаңырақ, «Jambyl» телеарнаcын да басқарды. Аймақ басшысы ғұмыр жолының әр белесінде өзіндік із, әр жылында тағылым бар қарттарымыз – өткеннің шежіресін бүгінмен сабақтастырып, ұрпаққа өнеге болып отырған қадірлі жандар екенін атап өтті.