Негізгі Жаңалықтар Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ теміржол бағытын дамытуға ниетті

Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ теміржол бағытын дамытуға ниетті

Қазақстан-Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан бағытында теміржол ашу жоспарлануда. Бұл Пәкістанның теңіз порттарына шығуға жол ашады. Қазақстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері осы жобаны бірлесіп пысықтауды көздеп отыр. CASA теміржол жобасы аясындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға аталған елдердің министрліктері қол қойды. Бұл Орталық және Оңтүстік Азияның көлік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа теміржол бағытын қалыптастыруды, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды, сауда, логистика және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашуды көздейді. Тараптар одан әрі атқарылатын қадамдар мен бірлескен жұмыстың нақты бағыттарын да талқылады. Атап айтқанда, жобаның техникалық, экономикалық және қаржылық мәселелерін кешенді түрде пысықтау үшін Жұмыс тобын құру мүмкіндігі қарастырылуда.


Бөлісу