Негізгі Жаңалықтар Ардагер дәрігерге құрмет

Ардагер дәрігерге құрмет

Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров те медицина саласына 70 жылға жуық ғұмырын арнаған ардагер дәрігер, 87 жастағы Тұрсынкүл Әшірбаеваны арнайы құттықтады.

Тұрсынкүл Әшірбаева – медицина саласында табанды еңбек етіп, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосқан білікті дәрігер.Құрметті демалысқа шыққанымен, ардагер қоғамдық жұмыстардан қол үзген емес. Бүгінде облыс әкімдігі жанындағы пациенттер құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі. Сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы денсаулық сақтау бойынша тұрақты комиссияға төрағалық етеді. Бүгінгі мерекеде облыс әкімінің бірінші орынбасары абзал жанға сый сияпат көрсетіп, ізгі тілегін білдірді.

Бөлісу