Әже тәрбиесі – ұлт тәрбиесі
Әже тәрбиесі – ұрпаққа өнеге, отбасыға береке, ұлтқа рухани тірек. Меркі ауданында осы ұстанымды арқау еткен тағылымды кездесу-концерті өтті. «Әже тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің бастауы» атты іс- шарада ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, үлкенге құрмет, кішіге ізет және отбасылық құндылықтардың маңызы кеңінен насихатталды.